Олжас Отардың отбасымен сұхбат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олжас Отардың отбасымен сұхбат

09.04.2016
Олжас Отардың отбасымен сұхбат

Бүгін 09:00-де «Сенбілік таң» отбасылы-танымдық бағдарламасы ақын, сазгер, салық қызметкері Олжас Отардың отбасымен сұхбат құрады.

Олжас Отар - 1991 жылдан бастап ақындар айтысына қатысып келеді. Айтыстағы жеткен жетістіктеріне байланысты 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің квотасына ие болған.

Ол салық жүйесіндегі көп жылғы жемісті еңбегі үшін 2007 жылы ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының «Құрмет» грамотасымен, Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін 2010 жылы Тараз қаласы мәслихатының «Құрмет грамотасымен» және 2011 жылы Тараз қаласы әкімінің «Құрмет» грамотасымен марапатталған. 

Әділдік жолынан таймайтын Олжас: «Заң талабын бұзған адам маған туыс емес», деген қағидамен жүреді. Қызықты сұхбаттың куәсі болғыңыз келсе, бүгін 09:00-де Ұлттық арнаны қосыңыз! Толығырақ...

Хабарламаларға жазылу