Оңтүстік Қазақстан облысында бірқатар басқармалардың басшылары тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында бірқатар басқармалардың басшылары тағайындалды

08.04.2016
Оңтүстік Қазақстан облысында бірқатар басқармалардың басшылары тағайындалды

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары А.Мырзахметовтың бұйрығымен «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Болатбек Қыстауов тағайындалды. Болатбек Дүйсенбекұлы 1973 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Рабат ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы  экономист және зоотехник.

Енбек жолын 1990 жылы  «Күйік» асыл тұқымды қой зауытының асыл тұқым бөлімінде есепші болып бастаған. Болатбек Қыстауов 2012 жылғы сәуір айынан бастап Қазығұрт ауданының әкімі болып еңбек еткен.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімі аппаратының басшысы лауазымына Еркеғали Әлімқұлов тағайындалды. Еркеғали Амантайұлы 1981 жылы ОҚО туған, білімі жоғары, мамандығы  заңгер, экономист.

Еңбек жолын 2003 жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің жетекші маманы болып бастаған. 2013 жылғы ақпаннан бастап бүгінге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

ОҚО сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына Еркін Жүсіпов тағайындалды. Еркін Наурызбайұлы 1960 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған, білімі жоғары, мамандығы архитектор.

Еңбек жолын 1982 жылы Түркістан қаласының архитекторы болып бастаған. 2013 жылдың ақпан айынан бастап бүгінге дейін Кентау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

Оңтүстік Қазақстан облысы жер инспекциясының басқармасының басшысы лауазымына Марат Әлібеков тағайындалды. Марат Серікұлы 1967 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған, білімі жоғары, мамандығы заңгер, экономист.

Еңбек жолын 1990 жылы Шымкент облыстық агроөнеркәсіп комитетінің қаржы-есеп бөлімінің маманы болып бастаған. Ол 2015 жылдың тамызынан бастап бүгінге дейін Шымкент қаласы, Абай ауданы прокуратурасының прокуроры болып қызмет етіп келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы лауазымына Батырбек Жалмұрзаев тағайындалды. Батырбек Қаратайұлы 1955 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған, білімі жоғары, мамандығы – қазақ орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі.

Еңбек жолын 1973 жылы Ақтөбе ет комбинатының жұмысшысы болып бастаған. Батырбек Жалмұрзаев 2016 жылдың ақпан айынан бастап ОҚО Дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарып келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы лауазымына Салыхан Полатов тағайындалды. Салыхан Сабырұлы 1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – инженер-металлург, экономист.

Еңбек жолын 1982 жылы «Манкентживмаш» зауытының инженер-технологы болып бастаған. Ол 2016 жылдың ақпан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болып болып қызмет етіп келді.

 

Хабарламаларға жазылу