Қазгидромет: Алдағы тәуліктерде еліміздің аймақтарында жауын-шашын болып, артынан күн жылынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: Алдағы тәуліктерде еліміздің аймақтарында жауын-шашын болып, артынан күн жылынады

08.04.2016
Қазгидромет: Алдағы тәуліктерде еліміздің аймақтарында жауын-шашын болып, артынан күн жылынады

Қазақстан аймағы арқылы шығысқа бет алған суық атмосфералық ағымдар алдағы тәуліктерде еліміздің көптеген аймақтарында жауын-шашын шақырады.

Оңтүстік пен оңтүстік шығыстағы таулы және тауға жақын аудандарда жауын-шашын көп мөлшерде түсуі мүмкін.   

Суық ауа ағымдарынан соң антициклон тарап, соның алдарынан алдымен бастыста, содан соң Қазақстанның өзге аймақтарында жауын-шашын азайып, көктемге тән жылы ауа райы қалыптасады.

Тек солтүстік және шығыс аймақтарда ғана аздаған жауын болуы ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.

 

Хабарламаларға жазылу