Аталмыш шара Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылғалы отыр. «Қаллеки» театрының ұжымы бір апта көлемінде Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтарына 7 спектакль тарту етпек.
Олардың арасында В.Ежовтың «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасы, Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» драмасы, Е.Жуасбектің «Сен үшін» комедиясы, А.Дударевтің «Кеш» драмасы, Ш.Мұртазаның «Бір кем дүние» драмасы, М.Байжиевтің «Тіл табысқандар» комедиясы, М.Әуезов пен Қ.Ысқақтың «Қараш-қараш» драмасы, М.Машадудың «Бразилия байлығы» ертегісі бар.
Спектакльдер І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтеді.
«Театр өнерінің дамуына үлесін қосып жүрген Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының Талдықорған қаласына жасап отырған бұл сапарының бірден-бір мақсаты - қала тұрғындарына Астананың мәдениетін паш ету және өнер ұжымдары арасында өзара тәжірибе алмасу»,-деп хабарлайды театрдың ақпарат орталығы.