Мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер беру ережелеріне өзгерістер енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер беру ережелеріне өзгерістер енгізілді

07.04.2016
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер беру ережелеріне өзгерістер енгізілді

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер беру және пайдалану қағидаларына бірқатар өзгерістер енгізілді. Енді мемлекет қорындағы тұрғын үйлер мүгедектер мен қарттарға, жүрек қан тамырлары және басқа да асқынған аурулармен ауыратын адамдарға берілерде, олардың талап-тілектері ескеріледі, яғни төменгі қабаттардан немесе лифтілері бар тұрғын үйлерді таңдауға хақылары бар.

Ал, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге пәтер бірінші немесе екінші қабаттан берілетін болады. Бұл өзгерістер Үкіметтің 2011 жылдың 1 желтоқсанында қабылданған Қаулысына енгізіліп отыр.

Хабарламаларға жазылу