Бұл туралы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған жобаларға инвестиция тарту мәселесіне арналған халықаралық конференция барысында Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.
«Сыртқы гранттар мен займдар арқылы сатылып жатқан біріктірілген пилоттық жобалардың ауқымы 2012-2019 жылдары 100 млн АҚШ долларын құрайды. Бүкіләлемдік банктің гранттары аясында біз Қазақстандағы энергия тиімділігін арттыру жобасы бойынша жұмыс істейміз. Жобаның мақсаты - республика бойынша жүзеге асырылатын пилоттық жобалардың балабақша, мектеп, ауруханалар сияқты әлеуметтік нысандарды қалай жаңғыртатындығын көрсету. 2015-2016 жылдар аралығында 44 әлеуметтік нысан таңдап алынды. Олардың қатарында балабақшалар мен мектептер, ауруханалар мен көшені жарықтандыру сияқты шаралар бар. Олар бойынша жоба-сметалық құжаттар дайындалып, ауқымды құрылыс жұмыстары биыл басталады»,-деді министр.