Жақып Бөкенбаев ОҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жақып Бөкенбаев ОҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды

06.04.2016
Жақып Бөкенбаев ОҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловтың өкімімен облыс әкімінің орынбасары лауазымына Жақып Құттыбекұлы Бөкенбаев тағайындалды.

Ж.Қ. Бөкенбаев 1969 жылы туған, білімі жоғары.

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы «3-Энергоорталық» ААҚ атқарушы директоры болып бастаған. 2002-2005 жылдары «3-Энергоорталық» ААҚ бас директорының бірінші орынбасары және бас директоры, «Түркістанэнерго» ААҚ оңалтуды басқарушысы және атқарушы директоры, «Оңтүстік Жарық» ЖШС директоры, «Астана-финанс» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, «Қазақстандық коммуналдық жүйесі» АҚ-ның президенті, «Investment Company Capital Management» ЖШС-нің бас директоры ретінде еңбек еткен.

2009-2013 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Электр энергетикасын және көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры, Электр энергетикасын және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры, «Казақэнергосараптама» АҚ электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Казақэнергиясараптама)» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болған.

Бұл лауазымда ол тұрғын үй - коммуналды шаруашылығы, энергетика, көлік, табиғат пайдалану мен тариф саясатын, байланыс және коммуникация салаларына жетекшілік ететін болады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу