«Қазавтожол» РМК хабарлағандай, СҚО-да қардың еруі мен судың жолға ағуы салдарынан «Жезқазған-Петропавл» тасжолының 670-701 км аралығы - Тоқсанби ауылынан Новоишимское ауылына дейінгі аумақ; «Екатеринбор-Алматы» тасжолының 729-795 км аралығы - Қостанай облысы шекарасынан Рузаевка ауылына дейінгі (781 км су аққан) учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысында «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» (200-220 шақырым) жол учаскесінде барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады. Бұл - Мөңке би ауылынан Қайдауыл кентіне дейінгі учаске.
Аталған учаскелерде ескерту белгілері, дабыл бағаналары қойылды. Тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылды.