Ертеңгі «Таңшолпанда» Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шөбересі Лаура Жүсіпова қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертеңгі «Таңшолпанда» Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шөбересі Лаура Жүсіпова қонақта

05.04.2016
Ертеңгі «Таңшолпанда» Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шөбересі Лаура Жүсіпова қонақта

Алтын бұйымдар шығаратын зергерлік кәсіпорынның тынысымен танысқыңыз келе ме? Ақмола облысындағы барланбаған темір кен орны туралы не білесіз? Жиһанкез Пол Салопектің  қазақтың әсем жерлері туралы пікірін білгіңіз келе ме?

Бас киім тігетін кәсіпорын қайда орналасқан? Осы және өзге де қызықты ақпаратқа қаныққыңыз келсе, ертең сағат 07:00-10:00 аралығында Ұлттық арнадан «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасын көріңіз.

Сондай-ақ, ертеңгі бағдарламаға Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шөбересі, С.Торайғыров атындағы  Павлодар мемлекеттік университеті тарих ғылымдарының докторы Лаура Жүсіпова мен тарихшы, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы атындағы мұражайдың ғылыми қызметкері Әсет Пазылов  сұхбат бермек.

6 сәуірде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Мәшһүр жайлы сөз еткенде...» атты белгілі фольклортанушы, көрнекті ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға арналған әдеби  кеш және көрменің ашылуы болады. Бағдарлама қонақтары осы тақырып төңірегінде әңгіме өрбітеді.

Таңғы бағдарламаның тағы бір қонағы – жас әнші Димаш Құдайберген.

Хабарламаларға жазылу