Кеңеске ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Әділет министрлігі сондай-ақ, бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Кеңес қатысушылары «Doing Business» рейтингісінің индикаторларындағы реформаларды, Қазақстандағы бизнес климатты жақсарту бойынша жүргізілген жұмыстарды талқылады.
Тимур Жақсылықов кейбір заңнамалық актілерге рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты заңының шеңберінде Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның орнын жақсартуға бағытталған түзетулер қабылданғанын атап өтті.
Бұл Қазақстанның «Doing Business» рейтингісіндегі орнын жақсартуға бағытталған заңнамалық түзетулердің 4-пакеті. 3 Кодекске және 7 заңға түзетілер енгізілді. Оның ішінде индикаторлар бойынша: «Миноритарлық инвесторларды қорғау», «Төлем қабілетсіздігін шешу», «Несие алу», «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу», «Меншікті тіркеу», «Салық салу», «Халықаралық сауда».
«Негізгі тірек миноритарлық инвесторларды қорғауға бағытталады. Мысалы, дауыстардың жалпы санының он және одан артық пайызы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысушыларына кезектен тыс жалпы жиналыс шақыру құқығы беріледі» - деді вице-министр.