Қазақстанның «Леди Гагасы» «Түнгі студияда» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның «Леди Гагасы» «Түнгі студияда» қонақта

05.04.2016
Қазақстанның «Леди Гагасы» «Түнгі студияда» қонақта

Қазақстанның әншілері ортасында ерекше орны бар, ерекше сазды дауысты Айжан Нұрмағамбетова қазақ мәдениетіне еңбегі сіңген әнші. Оның репертуарында халық әндері, қазақ, түрік, араб, орыс және т.б. елдердің әндері бар.

Ал, қазіргі қазақ композиторларының арасында Б.Жұмалиннің «Бақыт деген...», М.Садыбековтің «Шилі өзен»  т.б. әндерін орындап келеді.

Өзінің ерекше стиліне қатысты әнші: «Тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде де фуражканы алғаш киген мен. Содан кейін барып, Леди Гага шықты»,-дейді.

Айжан Нұрмағамбетованың әзілге құрылған сұхбатын бүгін 22:55-те «Түнгі студия» хабарынан біле аласыздар.


 

 

Хабарламаларға жазылу