Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжіне - 50 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжіне - 50 жыл

05.04.2016
Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжіне - 50 жыл

Қазақ музыка өнерінде өзіндік орны бар Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық Эстрада және цирк колледжі еліміздегі өнер жұлдыздары қанат қаққан құтты мекеннің бірі де бірегейі.

Ұлттық дәстүрлі өнерді дамытуда, әсіресе, цирк әртістерін оқытып-дайындайтын бірден-бір оқу орны саналатын бұл ұжымда 350-ге тарта студент білім нәрімен сусындаса, оларға 150-ге жуық жоғары санаттағы оқытушы дәріс береді.

Би әлемінде өзіндік орны бар, көрерменнің жүрегіне жылулық сыйлап келе жатқан танымал «Гүлдер» би ансамблінің өмірге келуі де осы өнер ордасымен тығыз байланысты.

Бүгінгі «Айтуға оңай...» Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінің 50 жылдық мерейтойына арналады.  Хабар қонақтары мен кейіпкерлері - киелі өнер ордасынан түлеп ұшқан өнерпаздар.

Хабарламаларға жазылу