22 сәуірде Астанада басталатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде Ақмола мен Қарағанды облыстарының өнімдері ұсынылады

05.04.2016
22 сәуірде Астанада басталатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде Ақмола мен Қарағанды облыстарының өнімдері ұсынылады

22 сәуір күні Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкелер маусымы ашылады. Алғашқы жәрмеңке «Думан» ойын-сауық орталығының алдындағы алаңда өтеді.

Елорда тұрғындары таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін өнімдерді қалалық базарлардағы бағалардан 10-15 пайызға төмен сатып ала алады.

Жәрмеңкеде негізгі азық-түлік өнімдерінің түрлері, атап айтқанда Ақмола мен Қарағанды облыстарынан әкелінген көкөніс, жеміс, ет, сүт өнімдері, кондитерлік және макарон өнімдері сатылады.

Астана қаласының әкімдігі азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына жол бермеу және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында жыл сайын ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізеді. Ауылшаруашылық жәрмеңкелері елордада күздің соңына дейін жалғасады.

Хабарламаларға жазылу