Аталмыш жағдайға байланысты мәліметтерді еліміздегі ақпарат агенттіктері жарыса жазуда. Агенттіктердің бірі науқас баланың анасының сөздерін де келтіріпті.
«Менің ұлым науқас. Ол 2 айдан соң 17 жасқа толады және Назарбаев зияткерлік мектебін бітіреді. Ол грант ұтып алды және 4 шетелдік жоғары оқу орны оны қабылдауға дайын. Алайда, оған Ходжкина лимфомымен науқастанған деген диагноз қойылды. Бұл онкологиялық ауру және ол қазір 4-ші деңгейінде. Біз қазір Кореяда емделіп жатырмыз. Бұл дертті емдеу қымбат және өте күрделі. Оған 8-12 ай аралығында уақыт қажет. Әрбір 21 күн сайын химия-терапия алып отыру керек. Емдеудың толық курсынан өту үшін 100 мыңнан 160 мың долларға дейін қаржы қажет. Бұл біздің отбасымыз үшін өте үлкен сома. Сондықтан, біз шамасы жеткен азаматтардан көмек қолын созуды сұраймыз. Құрметпен, Айгүл Рахметова»,-делінген хабарламада.
Еріктілер осы уақытта фейсбук, вконтакте, инстаграм желілерінде осы жағдайға байланысты арнайы беттерді ашып үлгерді. Онда науқас балаға көмектескілері келетін азаматтардың қаржылары салынатын реквизиттер көрсетілген. Қаржы сонымен қатар, республика бойынша барлық Назарбаев зияткерлік мектептерінен де жиналуда.
Науқанға өздерінің парақшаларында көмек көрсету туралы материалдар жариялаған танымал қазақстандықтар да атсалысуда. Олардың арасында актриса Алия Телебарисова, Әсел Сағатова, Аружан Жазылбекова, Қарлығаш Мұхамеджанова, Әсел Сәдуақасова, әнші Сон Паскаль, Da Gudda Jazz тобы мен өзге де азаматтар бар.
Дүйсенбі күні Темірлан оқып жатқан мектепте өткен жиында оның қалың көпшілікке арнап жазған хаты оқылды. Хат «Мен бүгін Сіздердің жанкешті әрекеттеріңізге қуана отырып, хат жолдаудамын. Сіздер аз ғана уақыттың ішінде мен үшін үлкен жұмыстарды атқардыңыздар. Мен Сіздерге шексіз ризамын. Менің осы жағдайға тап болғанға дейін достарым аз болған жоқ. Ал, айналаңдағылардың сен үшін қандай да болса әрекеттерге баруға дайын екендігін білген кезде, араласатын адамдарды шектеудің қажеті жоқтығын жете сезіне түседі екенсің. Мен қазір Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында өзіме сенімдімін және соңғы демім шыққанша, аурумен күресуге дайынмын. Барлықтарыңызға мықты денсаулық тілеймін»,-деген мағынада жазылған.