С.Кулагин: Ақмола облысында ет өндірісі 70 пайызға, сүт өндірісі 65 пайызға артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

С.Кулагин: Ақмола облысында ет өндірісі 70 пайызға, сүт өндірісі 65 пайызға артады

04.04.2016
С.Кулагин: Ақмола облысында ет өндірісі 70 пайызға, сүт өндірісі 65 пайызға артады

Облыс әкімі онда өңірде жүзеге асырылып жатқан агроөнеркәсіп жобаларының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

С. Кулагиннің айтуынша, сүт және ет өндірісі облыстың агроөнеркәсіп саласының басым бағыттарының бірі. Нақтырақ айтқанда, аймақта биыл ет өндірісін 70 пайызға дейін, сүт өндірісін 65 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр.   

Сонымен қатар, инвесторлардың көмегімен өңдеуші кәсіпорындардың бірқатар жобаларын жүзеге асыру көзделуде. Бұған қоса облыста ағылшын компанияларымен бірлесіп, ет кластерін құру мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ, неміс компаниясының қатысуымен тәулігіне 50 тонна өнім беретін сүт өңдейтін зауыт ашу жоспарланып отыр.

 

Хабарламаларға жазылу