«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы эфирінен көрерменге жол тартқан «Аяулы арман» телехикаясы балалар үйі түлектерінің тағдырын баяндайды. Телехикаяның бас кейіпкерлері Аңсар, Еркін, Едіге және Көркем. Олар жастар үйіне орналасқаннан кейін өмірдің түрлі қиындығын - достық пен сатқындықты және алғашқы махаббат әлегін бастарынан өткереді.
«Түсірілім 4,5 ай жүрді. Осы уақыт аралығында бір-бірімізге қатты бауыр басып кеттік. Бір үйдің баласындай болып кеттік. Фильмнің негізгі мақсаты – жалпы жетімдер болмаса екен деген ниет»,-дейді актриса Раушан Ермағамбетова.
64 бөлімнен тұратын туындының қоюшы-режиссері – Рашид Сүлейменов. Ол теленовелла арқылы балалар үйі түлектерінің өмірін боямасыз көрсетуге тырысқан.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.