Францияның оңтүстік батысындағы өнеркәсіп өндірісі аймағында бірнеше жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияның оңтүстік батысындағы өнеркәсіп өндірісі аймағында бірнеше жарылыс болды

03.04.2016
Францияның оңтүстік батысындағы өнеркәсіп өндірісі аймағында бірнеше жарылыс болды

Францияның оңтүстік батысындағы Бордо қаласынан солтүстікке қарай орналасқан Жиронда департаментіндегі Бассенс өнеркәсіп өндірісі аймағында жарылыстар болды.

Оқиға жексенбі күні жергілікті сағат 6-40-та болды, деп хабарлайды Le Figaro.

Алдымен өрт шығып, оның салдарынан химиялық заттарды тасымалдауға арналған екі-үш автоцистерна жарылған. Автоцистерналар қауіпті материалдарды тасымалдаумен айналысатын CD Trans компаниясына тиесілі.

Жайсыз оқиғаның салдарынапн екі өрт сөндіруші жарақат алды.  

  

 
 

Хабарламаларға жазылу