Абылайхан Жүсіпов Қытайдағы лицензиялық турнирдің жеңімпазы атанды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абылайхан Жүсіпов Қытайдағы лицензиялық турнирдің жеңімпазы атанды (ВИДЕО)

02.04.2016
Абылайхан Жүсіпов Қытайдағы лицензиялық турнирдің жеңімпазы атанды (ВИДЕО)

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов (64 келі) Қытайдағы лицензиялық турнирдің жеңімпазы атанды.

Финалда Абылайхан моңғолиялық Чинзориг Баатарсухты 2:1 (30:27, 28:29, 29:28) есебімен ұтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін бұл жарыста 75 келіде Жәнібек Әлімханұлы да алтын жүлде жеңіп алған еді. Ал, Әділбек Ниязымбетов (81 келі) пен Дариға Шәкімова (75 келі) күміс медаль иеленсе, Олжас Сәттібаев (52 келі) пен Қайрат Ерәлиев (56 келі) 3-ші орынға тұрақтады.

Хабарламаларға жазылу