Ұлыбританияда инвестиция тартуға бағытталған бизнес-форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда инвестиция тартуға бағытталған бизнес-форум өтті

13.05.2016
Ұлыбританияда инвестиция тартуға бағытталған бизнес-форум өтті
Бизнес-форумға қатысушылар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының басым бағыттары жөнінде хабардар болды.

Ұлыбритания кәсіпкерлері Қазақстан экономикасына қаржы құюға мүдделі. Лондонда өткен Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарма кеңесінің 25-ші жиынында өткен бизнес–форумда шетелдік инвесторларға Қазақстанның инвестициялық әлеуеті таныстырылды.

Ұлыбританиядағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Ержан Қазыханов «Астана» халықаралық қаржы орталығының және «Хоргос – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының мол мүмкіндіктері туралы айтты.

Сондай-ақ, бизнес-форумға қатысушылар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының басым бағыттары жөнінде де хабардар болды.

Ғалымжан ҚАРАМАН

Хабарламаларға жазылу