Есірткі контрабандасы үшін Қытайда сотталған екі азаматша жазаларын Қазақстанда өтейтін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есірткі контрабандасы үшін Қытайда сотталған екі азаматша жазаларын Қазақстанда өтейтін болды

01.04.2016
Есірткі контрабандасы үшін Қытайда сотталған екі азаматша жазаларын Қазақстанда өтейтін болды

Қытай тарапының құзырлы органдары сотталғандарды Қазақстанға беру туралы шешімді 2011 жылдың 22 ақпанындағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шартты (ҚР заңымен 2013 жылдың 20 қарашасында ратификацияланған, ҚХР-да–2015 жылдың 1 шілдесінде) іске асыру мақсатында және сотталғандардың өтініштері негізінде қабылдады, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Берілген тұлғаларға қатысты Қытай сотының үкімін тану және орындау туралы кепіл негізінде ҚХР құзырлы органдарына Қазақстан сотының тиісті қаулылары жолданды.

Берілген тұлғалар жазаларының қалған мерзімдерін Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес Қазақстанның түзеу мекемелерінде өтейтін болады.

 

 

Хабарламаларға жазылу