Оңтүстік Қазақстан облысында қолғап шығаратын зауыт іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында қолғап шығаратын зауыт іске қосылды

01.04.2016
Оңтүстік Қазақстан облысында қолғап шығаратын зауыт іске қосылды

«Оңтүстік» индустриялды аймағының аумағында орналасқан зауыт Индустриялды инновациялық даму бағдарламасының «Индустрияландыру» картасы аясында іске қосылды.

Жоба мемлекеттік басым бағыттардың талабына сәйкес келгендіктен оған заттай грант ретінде жер телімі тегін берілді, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Жұмысын жаңадан бастаған «KAZ Hansol Intercom» ЖШС-ның жалпы құны 488 млн. теңгені құрайды. 50 адамды жұмыспен қамтитын өндіріс орны жылына 13 млн. жұп данадан астам мақта қолғабын шығарып, өнімді ішкі нарық пен ТМД мемлекеттеріне шығаруды жоспарлап отыр.

Жалпы, бүгін тұсауын кескен қолғап зауыты «Оңтүстік» индустриялды аймағында осы жылы ашылып, жұмысын бастаған бірінші жоба.

Жыл соңына дейін облыстағы барлық индустриялды аймақтардан тағы 18 жобаны ашу көзделуде. Кәсіпорындар негізінен, құрылыс заттары, тез дайындалатын тағам өндірісі, жиһаз жасау, медициналық құрылғылар өндірісімен айналысатын болады.

Хабарламаларға жазылу