Астанадағы «Әбу-Даби Плаза» тағы да өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы «Әбу-Даби Плаза» тағы да өртенді

01.04.2016
Астанадағы «Әбу-Даби Плаза» тағы да өртенді

Астанада салынып жатқан «Әбу-Даби Плаза» ғимаратында тағы да өрт болды, деп хабарлады елордалық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

«Әбу-Даби Плазаның» төменгі қабаттарының түтінденуі туралы хабарлама 1 сәуір күні сағат 00:43-те келіп түсті. Өрт бөлімшелері оқиға орнына келіп жеткен кезде, минус 2-ші қабатта минералдық мақта өртенгені анықталды. Өрт сағат 01:16-да ауыздықталып, сағат 03:25-те сөндірілді. Оның себебі анықталып жатыр», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Хабарламаларға жазылу