Оңтүстік Қазақстан облысында құны 400 млн теңге болатын мал бордақылау кешені салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында құны 400 млн теңге болатын мал бордақылау кешені салынады

31.03.2016
Оңтүстік Қазақстан облысында  құны 400 млн теңге болатын мал бордақылау кешені салынады

Айта кетейік, баспасөз мәслихатында ҚР Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты мәселелер баяндалған болатын.

Әкімнің айтуынша, ауданда салынатын асыл тұқымды ірі қара мал басын өсіру мен мал өнімін өңдеу цехы салу жұмыстарына «Катко» біріккен кәсіпорны 400 млн. теңге көлемінде инвестиция салмақ, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Бұл жоба «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда. Құрылысы таяу арада басталатын жоба аудан экономикасына серпін беріп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді деп жоспарлануда. Сонымен қатар, ауданда түйе сүтін өндіретін кооператив құруды көздеп отырмыз. Қазіргі таңда, цех орналасатын ғимарат белгіленіп, несие алуға қойылатын кепіл құжаттар мен кооперативтің жарғысы дайындалуда», - деді М.Исаев.

Айта кететін жайт, ауданда мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында мектеп пен балабақша салу да жоспарлануда.

Хабарламаларға жазылу