Қытайда бокстан өтіп жатқан Азия және Мұхит аймағы бойынша Олимпиада ойындарының лицензиялық турнирінің жартылай финалында 81 келі салмақта сынға түскен Әділбек Ниязымбетов түркменстандық боксшы Азиз Ачиловты ұтып, Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.
Сондай-ақ, бұған дейін 75 келідегі Жәнібек Әлімханұлы, 64 келідегі Абылайхан Жүсіпов пен қыздар арасында 75 келіде сынға түскен Дариға Шәкімова Рио Олимпиадасына жолдама ұтып алған болса, 52 келідегі Олжас Сәттібаев пен 56 келідегі Қайрат Ерәлиев жартылай финалда жеңіліп қалды.
Айта кетейік, турнирді «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.