Қазақстан-Венгрия Тікелей инвестициялар қорының бірінші отырысында бірлескен комюнике қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Венгрия Тікелей инвестициялар қорының бірінші отырысында бірлескен комюнике қабылданды

31.03.2016
Қазақстан-Венгрия Тікелей инвестициялар қорының бірінші отырысында бірлескен комюнике қабылданды

Астанада ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Қазақстанның Венгриядағы Төтенше және өкілетті елшісі және Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісінің қатысуымен Қазақстан-Венгрия Тікелей инвестициялар қорының консультациялық кеңесінің бірінші отырысы нәтижесінде бірлескен коммюнике қабылданды.

Құжатқа «ҚазАгро» холдингінің төрағасы және  «Эксимбанк» бас директорының орынбасары қол қойды. Қазақстан-Венгрия қорының бастапқы капиталы 40 млн. АҚШ долларын құрады (әр тараптан 20 млн.АҚШ доллары).

Осы ретте, қордың күшімен жобаларды тікелей іске асыру үшін Қазақстаннан және шетелдік инвесторлардан қосымша шамамен 100 млн. АҚШ долларын тарту жоспарланады. 

Қор өз қызметін өндіру, қайта өңдеу, сақтау және логистика саласында жүзеге асырылатын Қазақстаннның аграрлық секторы компаниялары мен тамақ өнеркәсібінің капиталына  инвестициялар салады.

 

Хабарламаларға жазылу