Қазақстанда франчайзингтік компаниялардың реестрі құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда франчайзингтік компаниялардың реестрі құрылды

12.05.2016
Қазақстанда франчайзингтік компаниялардың реестрі құрылды
Оған ел аумағында жұмыс істеп жатқан отандық және шетелдік компаниялар қатыса алады. Айта кетейік, бұл тізімге енуге мүдделі компаниялар жан жақты жіті тексеруден өтеді.

Олардың нақты жұмыс істеп жатқандығы, нарықтың компанияға деген көзқарасы зерттеліп, сараланған соң ғана тізімге енгізу туралы шешім шығарылады. Бұл компаниялармен еш кедергісіз еркін жұмыс істей беруге болатындығын дәлелдейді.

Қазіргі уақытта елімізде 500-ге жуық франчайзингтік жүйе жұмыс істеп жатыр. Әзірге олардың 20-ы ғана франчайзингтік реестрге енген.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу