Болат Бақауов «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы болып сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болат Бақауов «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы болып сайланды

31.03.2016
Болат Бақауов «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы болып сайланды

Бүгін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтің қатысуымен партияның Павлодар облыстық филиалының кезектен тыс ХІХ конференциясы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтің қатысуымен өткен партияның облыстық филиалының кезектен тыс ХІХ конференциясында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов бірауыздан «Нұр Отан» партиясы өңірлік филиалының төрағасы болып сайланды.

«Маған облыс әкімі лауазымымен қатар тағы бір аса жауапты қызмет жүктеліп отыр. Осындай зор сенімді Сіздермен бірлесіп, абыроймен атқарамыз деген сенімдемін.Партия төрағасы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың партия алдына қойған барлық міндеттерді шешу жолында нәтижелі жұмыс жасайтын боламыз», - деді Б. Бақауов.

Хабарламаларға жазылу