Қытайда бокстан өтіп жатқан Азия және Мұхит аймағы бойынша Олимпиада ойындарының лицензиялық турнирінің жартылай финалында 75 келідегі Жәнібек Әлімханұлы моңғолиялық боксшы Шинебаяр Нармандахты техникалық нокаутпен жеңіп, Рио Олимпиадасына жолдама ұтып алды.
Сондай-ақ, бұған дейін 64 келідегі Абылайхан Жүсіповте Рио Олимпиадасына жолдама ұтып алған еді.