Оққағарлар қалай дайындалады? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оққағарлар қалай дайындалады? (ВИДЕО)

31.03.2016
Оққағарлар қалай дайындалады? (ВИДЕО)

Оққағарлар кез келген уақытта қауіптің бетін қайтаруға сақадай сай жүруі тисі. Оларға қойылар талап та жоғары. Өз өміріне қауіп төнсе де, қожайынын қорғауға міндетті.

«Оққағарлар қай кезде, қай жерде қауіп төнетінін жақсы біледі. Кез келген жағдайда қаруды қолдана білуі керек. Қарапайым мергендер асықпай, нысананы көздеп тұрып атады. Ал, оққағарларда ондай мүмкіндік жоқ», дейді жауынгерлік әзірлік жөніндегі нұсқаушы Игор Макеев.

Жекпе-жек өнерін білмейтін адам оққағар бола алмайды. Ал, қоян-қолтық төбелесті жетік меңгермесе, өзгенің өмірі түгіл өз басын қорғап алуы қиынға соғады.  

Әйтсе де, оққағарлардың қара күштің ғана емес, ерекше ақыл-ойдың иесі болғаны жөн. Бұл ақпаратты тез қабылдап, жылдам шешім қабылдау үшін қажет.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіздер. 

Хабарламаларға жазылу