Д. Назарбаева смартфон ұстауға қатысты тыйымды бұзған мемлекеттік қызметкерлерге қандай жаза қолданылатынын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Д. Назарбаева смартфон ұстауға қатысты тыйымды бұзған мемлекеттік қызметкерлерге қандай жаза қолданылатынын айтты

30.03.2016
Д. Назарбаева смартфон ұстауға қатысты тыйымды бұзған мемлекеттік қызметкерлерге қандай жаза қолданылатынын айтты

Мемлекеттік құпияға және қызметтік ақпараттарға рұқсаты бар барлық мемлекеттік қызметкерлер смартфон ұстауға қатысты тыйымға жатқызылады.

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мәлім етті.

«Меніңше, ешкім бұл тыйымнан тыс қала алмайды. Мемлекеттік құпия және қызметтік ақпараттармен жұмыс істейтін барлық мемлекеттік қызметкерлерге смартфон ұстауға тыйым салынады. Оған бағынбаған қызметкерлерге қандай жаза болатынын айту қиын. Ішкі тәртіп деген бар, меніңше оны барлығы түсінеді», - деп атап өтті Д. Назарбаева.

Хабарламаларға жазылу