Ералы Тоғжанов: Елдің бірлігі – Тәуелсіздіктің тірегі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ералы Тоғжанов: Елдің бірлігі – Тәуелсіздіктің тірегі

30.03.2016
Ералы Тоғжанов: Елдің бірлігі – Тәуелсіздіктің тірегі

ОСК-да өтіп жатқан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің баспасөз мәслихатында  сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов Ассамблея тарапынан атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған Ұлт жоспарының өзегі – болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыруға тікелей байланысты. Бұл – 5 реформаның ішіндегі 4-ші реформа. Бұл реформа ҚХА аясында іске асырылады.

Себебі, елдің бірлігі – Тәуелсіздіктің тірегі екенін анық. Сондықтан, 30 дамыған елдің қатарына кіреміз десек, елдің экономикалық бағытын да, әлеуметтік мәселелерін де бірге шешеміз дейтін болсақ, ең алдымен, қоғамдық келісімді, мемлекетіміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуіміз керек»,-деді ол.

«ҚХА шеңберінде жүргізіліп жатқан негізгі бағыттар – «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы,  «Менің елім!» ұлттық жобасы, сонымен қатар, «Жалпыға ортақ еңбек қоғамын қалыптастыру» мәселесі. Бүгінде 33 нормативтік акт қабылданды. Парламент деңгейінде  қабылданған 5 заң жобасы бар. Бесеуі Елбасының Жарлығы бойынша жүзеге асырылды, Мемлекеттік хатшының 9 үкімі, Үкіметтің 12 қаулысы – 4-ші реформаны жүзеге асыруға байланысты қабылданды»,-деп қосты Е.Тоғжанов.

Хабарламаларға жазылу