Қазақстанның құрылыс саласы еурокод жүйесіне көшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның құрылыс саласы еурокод жүйесіне көшеді

30.03.2016
Қазақстанның құрылыс саласы еурокод жүйесіне көшеді

Қазақстан құрылыс саласында еурокод жүйесіне көшуді бастайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

Министрдің атап өтуінше, құрылыс саласында бастапқы рұқсат беру құжаттарын беру мерзімі 40 күннен 17 жұмыс күніне дейін, эскизді жобаны келісу 60 күннен 15 жұмыс күніне дейін қысқартылды, құрылыстың басталуы туралы хабарламаны 1 күн ішінде (электронды түрде) беру қамтамасыз етілген.

«2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, сараптамалық жұмыстардың 50 пайызы нарыққа берілді және жеке сараптамалық ұйымдармен жүргізіледі. Ресурстық әдіс енгізілді және Еурокодтар жүйесіне ауысу басталды», - деді Е.Досаев.

Ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жеке ұйымдармен сараптама өткізу үшін берілген нысаналар тізбесі бекітілген. Оған мыналар кіреді: Тұрғын үй-азаматтық мақсатындағы жаңа, қалпына келтіру және қолданыстағы техникалық және технологиялық күрделі емес ғимараттар мен құрылыстардың капиталды жөндеуі бойынша ТЭН және ЖСҚ; Елді мекендер аумақтарын абаттандыру мен көгалдандыруға ТЭН және ЖСҚ; Технологиялық күрделі емеске жататын инженерлік инфрақұрылым объектілері; Қоғамдық, әкімшілік-тұрмыстық бір-екі қабатты ғимараттар мен құрылыстар; шағын қонақ үй кешендері және т.б.

Хабарламаларға жазылу