Астана әкімдігі мен «Даму» қоры кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 2 млрд. теңге бөледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана әкімдігі мен «Даму» қоры кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 2 млрд. теңге бөледі

30.03.2016
Астана әкімдігі мен «Даму» қоры кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 2 млрд. теңге бөледі

Меморандум аясында әкімдік пен «Даму» қоры салалық шектеусіз ШОБ саласында стартап-жобаларды қолдау жөніндегі жаңа бағдарламаны жүзеге асыруға 2 млрд. теңге (әрқайсысы 1 млрд. теңгеден) бөледі.

Кәсіпкерліктің жоғары әлеуеті кез келген қаланың экономикасының ілгерілеуінің басты факторы. Сондықтан, Астана қаласы әкімдігі қызметінің басты міндеттерінің бірі бизнесті дамыту мен қолдау. Жаңа Меморандумға Астана қаласы әкімдігінің және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының елордалық шағын және орта бизнесті қаржыландыруы туралы алдын ала келісімі аясында қол жеткізілді.

Қалада кәсіпкерлік ортаны жетілдіру бойынша барлық қажетті жағдайлар жасалып жатыр және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік принциптерімен бизнес-климатты жақсарту бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күні Астананың ЖӨӨ-дағы ШОБ-тың үлесі 61 пайызға жеткен. Бұл республикалық көрсеткіштен үш есеге артық. Астана несиелерді кепілдендіру бойынша республика бойынша бірінші орында, субсидиялау бойынша екінші орында тұр. Сонымен қатар, кәсіпкерлік секторында салықтар есебінен түсетін түсімдер де оң нәтижесін беруде.

Қазіргі кезде жергілікті бюджетке түсетін салықтың 65 пайызы елордалық шағын және орта бизнестің үлесінде.

 

Хабарламаларға жазылу