Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы сырт алаңда Грузия командасымен 1:1 есебімен тең ойнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы сырт алаңда Грузия командасымен 1:1 есебімен тең ойнады

30.03.2016
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы сырт алаңда Грузия командасымен 1:1 есебімен тең ойнады

Грузияның Тбилиси қаласындағы «Динамо-Арена» стадионында Қазақстан Ұлттық құрамасы алаң иелерімен жолдастық кездесу өткізіп, 1:1 есебімен тең ойнады. Ойынның 35-минутында Азат Нұрғалиев гол салып Қазақстан құрамасын алға шығарса, араға 3 минут салып Грузия құрамасы есепті теңестіріп кетті. Матч соңына дейін 1:1 есебі сақталып қалды.

Қазақстан Ұлттық құрамасы биылғы маусымдағы екінші ойынын Грузияға қарсы өткізді. Алғашқы ойынын 26 наурыз күні Анталияда Әзірбайжан құрамасымен өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Грузия — Қазақстан 1:1 (1:1)

Голдар: Нұрғалиев 35 (0:1), Окриашвили 38 (1:1)

Грузия: Ревишвили, Лобжанидзе, Кашия, Амисулашвили, Наваловски, Канкава, Абурджания, Казаишвили, Окриашвили, Ананидзу, Чантурия

Алаңға шыққан ойыншылар: Квирквелия, Квилитая, Качарава, Кения, Квеквескири, Вацадзе

Қазақстан: Лория, Бейсебеков, Логвиненко, Щеткин, Нұрғалиев, Малый, Шомко, Қуат, Мұжықов, Смақов, Сүйімбаев

Алаңға шыққан ойыншылар: Плотников, Хижниченко, Қонысбаев, Байжанов, Исламхан, Тағыберген

Бас төреші: Клейтон Писани (Мальта)

29 наурыз. Тбилиси. «Динамо-Арена».

Хабарламаларға жазылу