Ұлттық лиганың әйелдер командасы арасындағы волейбол бойынша Қазақстан чемпионаты финалының екінші матчында Өскеменнің «Алтай» командасы талдықорғандық «Жетісу» командасын жеңіп, ҚР чемпионы атанды.
Енді «Алтай» клубы Филиппинде 2016 жылы 3-13 қыркүйекте өтетін Азия чемпионатында Қазақстан атынан жарысқа қатысатын болады.
«Алтайдың» үш ойыншысы ҚР Волейбол федерациясының арнайы жүлдесін алды. Ирина Лукомская - үздік байланыстырушы, Ольга Бирюкова - үздік шабуылдаушы, риддерлік волейбол тәрбиеленушісі Инна Матвеева - ең бағалы ойыншы атанды.
Бұдан бұрын ШҚО-дан «Алтай» ерлер волейбол клубы Қазақстан чемпионы болған.