Жүргізушілер куәліктерінің мерзімі біткен соң оны ауыстыру үшін емтихан тапсырмайтын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүргізушілер куәліктерінің мерзімі біткен соң оны ауыстыру үшін емтихан тапсырмайтын болды

29.03.2016
Жүргізушілер куәліктерінің мерзімі біткен соң оны ауыстыру үшін емтихан тапсырмайтын болды

Бүгін журналистермен болған баспаөз мәслихатында Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев осылай деді.

Оның сөзінше, қазіргі таңда Парламент Мәжілісінде осы мәселеге қатысты заң жобасы қаралуда. Халық қалаулылары қазір құжаттағы жүргізушілердің куәліктерін ауыстырар кезде емтихан тапсыруы қажеттігі жөніндегі бапты алып тастамақ. Ал, мерзімі өткен куәліктерді өткізуге 1 жыл уақыт беріледі.

Сондай-ақ, алдағы уақытта еліміздің Ішкі істер министрлігі Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай мен Павлодар қалаларының арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтардың тіркелген жеріне қарамастан жүргізуші куәліктерін беру мәселесін де қарастыру үстінде.  

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу