«Аэрофлот» әуе компаниясының салғырттығынан «Top Gear» автошоу командасы Қазақстанға ұшып келе алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аэрофлот» әуе компаниясының салғырттығынан «Top Gear» автошоу командасы Қазақстанға ұшып келе алмады

29.03.2016
«Аэрофлот» әуе компаниясының салғырттығынан «Top Gear» автошоу командасы Қазақстанға ұшып келе алмады

Тіпті, түсірілім кезінде пайдаланылатын арнайы автокөлік Түркістанға жеткізіліп те үлгерді, деп жазады kz.otyrar.kz сайты.

«27 наурыз күні Астана уақыты бойынша сағат 24:00-де «Аэрофлоттың» Қазақстанға дейінгі барлық рейстері тоқтатылды. Ал, «Top Gear» рейсі сағат 22:50-де болатын яғни, олар үлгеретін болған. «Аэрофлот» Шымкентке дейінгі рейсін орындап үлгереміз деп болжады. Бірақ, британдықтар бәрібір ұшып шыға алмады. Маған түсіндіргендері бойынша, жолаушыларға транзиттік аймақта бір тәуліктен артық уақыт болуға тыйым салынған. Сондықтан, «Top Gear» тобы Лондонға қайтуға мәжбүр болды. Олар қазір Лондонда», - дейді Қазақстанның Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Жамбыл Сұрағанов.

Оның айтуынша, енді бағдарламаның Қазақстандағы түсірілімі белгісіз. Барлығын продюсерлер шешеді, себебі сапар үшін қосымша қаржы қажет. Барлығы түсірілім тобының Қазақстанға 31 наурызға дейін жетуіне байланысты.

Айта кетейік, «Аэрофлот» әуе компаниясы Қазақстанға ұшатын тұрақты рейстерін тоқтататынын мәлімдеді, себебі ресейлік тарап ұшуға қажетті рұқсатты алмаған.

Хабарламаларға жазылу