Американдық The Exchange тобы Қазақстанға келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Американдық The Exchange тобы Қазақстанға келеді

29.03.2016
Американдық  The Exchange тобы Қазақстанға келеді

Бұл АҚШ Мемлекеттік департаментінің «Американдық музыка шет мемлекеттерде» атты бағдарламасының бір бөлігі және ол Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауының 25 жылдығына арналған жылдық науқандағы алғашқы мәдени шаралардың бірі.

2012 жылы негізі қаланған өзінің ерекше стилі мен бай репертуары бар акапелла бойз-бенді рок, госпел, опера стилі, ритм-энд-блюз және хип-хоп сияқты түрлі бағыттағы композицияларды орындай береді.  

Музыкалық топ әншілерінің әрқайсысының ерекше дауыстары бар. Олар орындалатын музыкаға ерекше реңк береді. Музыкалық өнерді қолға алғалы бері топ өкілдері Olly Murs, Flo Rida, Sara Bareilles,Wynton Marsalis, Boyz II Men сияқты әртістермен бірге өнер көрсеткен. Сондай-ақ, олар McDonalds, Kraft и NY Giants сияқты компаниялармен серіктес болып,  The Daily Show, Rolling Stone, Ryan Seacrest, Perez Hilton и Entertainment Weekly сияқты танымал өнерпаздардың түрлі шоуларында өнер көрсеткен.

Жуырда ғана аталмыш ұжым өкілдері Backstreet Boys тобымен бірге өнер көрсете отырып, әлемнің 32 мемлекетінде болып келді.

Осы концерт туралы айтқан сөзінде Елшінің бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет және білім беру және АҚШ-тың Қазақтандағы миссиясы жөніндегі кеңесшісі  Алиша Вудвард: «Біз музыкалық мол мұрасы бар The Exchange сияқты топты Қазақстанға шақырудың мүмкіндігі туып отырғанына қуаныштымыз. Бұл топтың әрбір әншісінің дауысы өзінің ерекшелігімен орындалатын әнге ерекше үн қосады. Өз кезегінде ол орындаудың ерекше есте қалуына ықпал етп, көрермендерді ерекше тебірентіп жібереді. Меніңше, музыкалық топтың осы ерекшеліктері Қазақстан сияқты көптеген мәдениеттер топтасқан елде де  бағаланады. Біз сонымен қатар, музыкалық топтың өзінің музыкалық сапарының аясында түрлі шеберлік-сабақтарын өткізіп, қазақстандық жастар мен музыканттар үшін семинарлар өткізетіндігіне де қуаныштымыз. Бұл қазақстандық жастардың білім-біліктіліктерін арттыруға қосымша мүмкіндік тудырады»,-деді.  

Хабарламаларға жазылу