Алматыдағы «Жаңа өмір» діни бірлестігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы «Жаңа өмір» діни бірлестігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

29.03.2016
 Алматыдағы «Жаңа өмір» діни бірлестігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

2015 жылдың 29 шілдесінде Алматы қаласының ІІД-де «Алматы қаласының «Жаңа өмір» Вера Евангельскаяның Христиан шіркеуінің» жергілікті діни бірлестігі басшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3 бөлігінің 1-тармағы (ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша қарастырылған қылмыс жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, қазіргі кезге дейін жалғасуда, деп хабарлайды Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Куәлар мен жәберленушілердің жауаптары мен түсініктемелерін тексеру мақсатында сот сакциясы бойынша аталған бірлестіктің қаржы құжаттары сақталатын орындарды тінту жұмыстары жүргізілді.


Нәтижесінде заттай айғақтар табылып, процессуалдық негізде тәркіленді.


Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

 

Хабарламаларға жазылу