kaztrk.kz интернет-телеарнасы арқылы «Қазақстан» РТРК-ның кез келген медиаресурсын тамашалауға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

kaztrk.kz интернет-телеарнасы арқылы «Қазақстан» РТРК-ның кез келген медиаресурсын тамашалауға болады

29.03.2016
kaztrk.kz интернет-телеарнасы арқылы «Қазақстан» РТРК-ның кез келген медиаресурсын тамашалауға болады

Әлемді ақпарат билеген заманда оны әрбірін қалт жібермей, уақытында көріп отыру өте маңызды. Ол үшін Сізге бар болғаны қолыңыздағы ұялы телефоныңыз қажет. Өйткені, осы телефон арқылы жұмысыңызға немесе басқа да бір істеріңізге кедергі келтірместен өзіңіздің сүйкті телесериалдарыңызды, қызықты хабарлар мен  өзге де дүниелерді көріп, білуге болады. Бұған үлкен әрі ыңғайсыз теледидарға қарағанда, смартфонның  мүмкіндігі толық жетеді.  

Біз сіздердің сүйікті сериалдарыңызды, Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтарды, жаһандық әрі отандық үздік жобалар мен кинотуындыларды kaztrk.kz сайтында тамашалауға шақырамыз. Ол үшін сізге теледидар қажет емес. Бағдарламаны көру үшін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының сайтына кіріп, онлайнды қосу керек немесе арнайы мобильді қосымшасын жүктеп алуға болады.

Телеарнаның тікелей эфирін үйде де, шетелде де кез келген уақытта қарауға болады. Ол үшін тек смартфон, планшет, ноутбук және интернет болса болды. Осыдан кейін kaztrk.kz онлайн-телеарнасының сервисіне кіріп, оның барлық мүмкіндігін пайдалана аласыздар. Тікелей эфирді кез келген уақытта көру – онлайн-телеарнаның артықшылығы.  

Интернет-телеарнаның тағы бір басымдылығы – кабельді немесе спутниктік телевидениеге қарағанда телеарна санының көп болуы. «Қазақстан» онлайн телеарнасы көрерменге кез келген уақытта «Қазақстан» Ұлттық арнасын, «Kazsport» және «Балапан» телеарнасын, «Қазақ радиосын», «Шалқар», «Астана» мен «Classic» радиосы тікелей эфирде көріп, тыңдауға мүмкіндік береді.

Баға – интернет-телеарнаның тағы бір артықшылығы. Онлайн тв үшін қосымша ақша шығармайсыз. Осыған қоса ай сайын қызмет үшін ешқандай ақша төленбейді.

Интернет көрсетілімнің тәуелсіздігі, яғни онлайн телекоммуникациялық сигналдың қуатына байланысты емес. Қандай да бір жағдайларға байланысты сіздің теледидар сигналды қабылдай алмай, көрсетілім өшіп қалуы мүмкін. Алайда, мұндай кезде интернет көрсетілім тоқтамайды.

Пайдалану ыңғайлылығы. Онлайн режимінде бірнеше телебағдарламаны әртүрлі браузерде ашуға болады. Осыған қоса керек телеарналарға арнайы белгілер мен бағдарламаларды табу үшін ыңғайлы іздеуіш орнатылған. 

Хабарламаларға жазылу