Қызылордада жазасын өтеп келгендерді бейімдеу орталығы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жазасын өтеп келгендерді бейімдеу орталығы ашылады

28.03.2016
Қызылордада жазасын өтеп келгендерді бейімдеу орталығы ашылады

Бас бостандығынан айырылғандарды жұмыспен қамту бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Форумда «Түрмедегілердің санын азайтудың 10 іс-шарасы», «Сен қоғамға керексің» атты түрме реформалары талқыланды.

Форумға келгендер алдымен жазасын өтеушілердің қолынан шыққан түрлі бұйымдардан жасақталған көрмені тамашалады. Көрмеде ағаштан, темірден тағы басқа да шикізаттан жасалған қолөнер туындылары мен естелік сыйлықтар көпшілікке ұсынылды. Форум жұмысына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, көтерілген мәселенің маңыздылығына тоқталды.

Түрмедегілердің санын азайту мақсатында сотталушыларға қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалар тағайындау көзделген. Осы арқылы оларға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетіледі. Яғни, сотталғандарды қатаң жаза тағайындап түзеу мекемелеріне ұзақ жылдарға оқшаулаудың орнына, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындап, пробациялық бақылау арқылы қоғамға бейімдеуге бағытталған шаралар қабылданған.

Алдағы уақытта жазаны өтеу орындарынан босатылған азаматтар үшін әлеуметтік бейімдеу орталығын ашу жоспарланған. Отыз орынға лайықталған орталық жұмысы осы жылдан бастап жүзеге асырылады.

 

Хабарламаларға жазылу