БҰҰ-ның Бас хатшысы Пәкістанда болған терактіні айыптап, ел билігін азаматтарды қорғауға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ-ның Бас хатшысы Пәкістанда болған терактіні айыптап, ел билігін азаматтарды қорғауға шақырды

28.03.2016
БҰҰ-ның Бас хатшысы Пәкістанда болған терактіні айыптап, ел билігін азаматтарды қорғауға шақырды

БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун жексенбі күні Пәкістанның Лахор қаласында болып, балалар мен әйелдерді қоса алғанда көптеген адамдарды құрбан еткен терактіні айыптады.

Өзінің жазбаша жолдаған мәлімдемесінде Бас хатшы жарылыстан мерт болғандардың отбасыларына көңіл айтып,  жантүршігерлік әрекетке кінәлілердің тез арада жауапқа тартылуы қажеттігін айтқан.

Пан Ги Мун сонымен қатар, өзінің Пәкістан халқымен бірге екендігін айтып, ел билігін діни азшылықтарды қоса алғанда, елдің барлық тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.

Айта кетейік, Пәкістанның Лахор қаласында  орналасқан Гульшан-и-Икбал саябағындағы балалар алаңында жанкешті өзін өзі жарып жіберді.  Пәкістанның бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, террористік әрекетті «Техрик-и-талибан Пакистан» атты пәкістандық талибтердің тобындағы  «Джамаат уль-Ахрар» экстремистік тобы мойындарына алған. 

Хабарламаларға жазылу