«Ою-өрнек құпиясы» драмасы – Ұлттық арнада - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ою-өрнек құпиясы» драмасы – Ұлттық арнада

27.03.2016
 «Ою-өрнек құпиясы» драмасы – Ұлттық арнада

Бибінұр Смағұлова деген жас әйелді басқалардың соңында қалған совхоздың бастығы етіп сайлайды. Көп ұзамай бұл шаруашылық алдыңғы қатардан көрінеді.

Уақыт өте келе, Бибінұрдың да мінезі өзгере бастайды. Қатал да міншіл әйелге айналады. Отбасында кикілжің туады.

Енді одан өзі басқарып отырған ұжым тұрмақ, күйеуі де теріс айналады...

Меруерт Өтекешева, Қалампыр Айсанғалиева, Қамар Адамбаева басты кейіпкерлерін сомдаған  «Ою-өрнек құпиясы» драмасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 23:45-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу