«Kazsport» Қазақстан-Әзірбайжан жолдастық матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» Қазақстан-Әзірбайжан жолдастық матчын тікелей эфирде көрсетеді

25.03.2016
«Kazsport» Қазақстан-Әзірбайжан жолдастық матчын тікелей эфирде көрсетеді

Ертең футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Әзірбайжан құрамасы арасындағы жолдастық кездесуді «Kazsport» телеарнасы сағат 21:00-де тікелей эфирде көрсетеді.

Қазірге дейін Қазақстан мен Әзірбайжан футболшылары жасыл алаңда 6 рет кездескен. Әр құрама 2 реттен жеңіп, 2 рет тең ойнаған. Сондай-ақ, 2 рет жеңілген.

Қазақстан футболшылары мен Әзірбайжан құрамасы ең алғаш 2004 жылы Алматыдағы «Орталық стадионда» жолдастық ойында жолығып, әзірбайжандық футболшылар  2:3 есебімен жеңіске жеткен.

Ал, қазірше соңғы ойынын 2012 жылы Еуро-2012 іріктеу турнирі аясында ойнап, сол кезде де әзірбайжандықтар 3:2 есебімен жеңіске жеткен.

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 125 орында болса, Әзірбайжан құрамасы 112 орында келеді.

Хабарламаларға жазылу