Елордада көркем гимнастикадан ҚР Кубогы аяқталды

25.03.2016
Елордада көркем гимнастикадан ҚР Кубогы аяқталды

Елордалық спортшылар 39 медаль еншіледі. Оның 18-і алтын, 12-і күміс және 9 қола медаль.

Командалық есепте астаналық гимнастшылар 2001-2003 жылдары туған 2004 жылы туған және одан кіші жас санаттарында бірінші орынға табан тіреді. Жас спорт шеберлері көпсайыстан жеке жарыста да, топтық жаттығуларда да (2001-2003 ж.т.) тұғырға көтерілді.

Қалалық көркем гимнастика мектебінің шәкірттері де көпсайыстан бірінші орын алды, ал доппен жаттығуда бәсекелестеріне есе жіберді. 

«Өткен жылы ел Кубогы Қарағандыда өткен болатын, енді турнирді өзімізде елордада өткізіп жатырмыз. Елордалық гимнастшылар өз шеберліктерін көрсетті, әдеттегідей олар барлық шағын топтарда көш бастады», - деді Астана қаласының көркем гимнастикадан аға бапкері Ләйлім Омарова.

Оның айтуынша, спортшылар сәуір айының соңында Астанада ұйымдастырылатын Азия біріншілігіне қатысады.

Хабарламаларға жазылу