Брюссельдегі жарылыстарға қатысы бар деген күдікпен 6 адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссельдегі жарылыстарға қатысы бар деген күдікпен 6 адам ұсталды

25.03.2016
Брюссельдегі жарылыстарға қатысы бар деген күдікпен 6 адам ұсталды

Күдіктілердің үшеуі қала орталығындағы федералдық прокуратура ғимаратына кіре берісте қамауға алынған. Бұдан бөлек, 22-ші наурызда Бельгия астанасындағы әуежай мен метродағы жарылыстарға тікелей қатысы бар екі адам іздестіріліп жатыр. Қазір Бельгияда террористік қауіп деңгейі төмендетілді.

Дегенмен, «CNN» телеарнасы АҚШ-тың лаңкестікке қарсы бөлімшелері қызметкерлерінің мәліметіне жүгініп, «ДАИШ» ұйымының Еуропада жаңа терактілер дайындап жатқанын хабарлады.

Ал, Франция полициясы терактінің алдын-алды. Елдің ішкі істер министрі Бернар Казневтің мәлімдеуінше, жарылыс жасамақ болды деген күдікпен 1 франциялық азамат қамауға алынған. Күдікті ер адам ұсталған жерде қазір саперлер жұмыс істеп жатыр. Әзірге, жоспарланған шабуылдың Париж бен Брюссельдегі бұған дейінгі жарылыстарға қатысы бар-жоғы белгісіз.

Хабарламаларға жазылу