Қазақ драма театрлары арасында жарияланған «Шалқар шабыт» байқауына дауыс беру тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ драма театрлары арасында жарияланған «Шалқар шабыт» байқауына дауыс беру тоқтатылды

25.03.2016
Қазақ драма театрлары арасында жарияланған «Шалқар шабыт» байқауына дауыс беру тоқтатылды

Байқауға «Шалқар» радиосының әуе толқынынан өтетін «Шабыт» радиотеатры» бағдарламасы аясында республикалық театр репертуарларынан алынған үздік 12 қойылым қатыстырылды.

Радиотыңдармандар мен интернет қолданушылар үздік радиоспектакльдерге shabyt.kaztrk.kz сайты арқылы екі апта бойы бойы дауыс берді.

Дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстанның Халық әртісі Тілектес Мейрамовтың сахналауындағы «Майдан әндері» моноспектаклі ең көп дауысқа (525) ие болды. Қойылым белгілі драматург Роллан Сейсенбаевтың әңгімелер желісінен құралған.

«Ана-Жер ана» моноспекталі 491 дауыс жинады. Орындаған - Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Бақыт Жұмағұлова.

Үшінші орында -  «Әншінің пірі - Әміре» моноспектаклі. (337 дауыс). Қойылым тыңдармандарға Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының актері Құмарбек Қалқатаевтың сахналауында ұсынылған болатын.  

Үздік шыққан театр ұжымдарын марапаттау ертең, 26 наурызда сағат 16.00-де Астана Жастар театрында өтеді. 

Хабарламаларға жазылу