Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқушылары Оңтүстік Африкада өнер көрсетуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқушылары Оңтүстік Африкада өнер көрсетуде

25.03.2016
Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқушылары Оңтүстік Африкада өнер көрсетуде

Қазақтың ұлттық «Қамажай», «Құстар», «Асатаяқ» билері «Брейтенбах» театрына жиылған көрермендердің жүрегіне жол тапты.

Оңтүстік Африка Республикасындағы Қазақстан елшісі Тимур Қалиев қазақстандық әртістердің гастрольдерін «Елдеріміз арасындағы мәдени байланысты нығайту жолындағы алғашқы қадам болған тарихи құбылыс», деп атады. Қазақстандағы ОАР елшісі Ш.Сони жас қазақ балетінің концерті Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келгенін атап өтті.

Сондай-ақ, Топ жетекшілері - Людмила Ли және Светлана Медеубаева - «Йоганнесбург балеті» театрының жастар студиясында шеберлік сағаттарын өткізді.

Хабарламаларға жазылу