Елбасы: 2020 жылға қарай Қазақстан 12 жылдық оқытуға толықтай көшіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы: 2020 жылға қарай Қазақстан 12 жылдық оқытуға толықтай көшіріледі

25.03.2016
Елбасы: 2020 жылға қарай Қазақстан 12 жылдық оқытуға толықтай көшіріледі

2020 жылға қарай 12 жылдық оқытуға толықтай көшу қамтамасыз етіледі. Бүгін Парламенттің VI шақырылымының бірінші сессиясының ашылуына арналған ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Білім және ғылымның жаңа мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. Ол өмір бойы білімді шыңдауға қайта бағдарланған, еңбек нарығы қажетілігінің, білікті кадрларды даярлаудың векторын өзгертеді. Бұндай қадам жұмыс күшінің мобильділігі мен еңбектің жемістілігі үшін орта қалыптастырады. Жоғары оқу орындарында халықаралық стандарттарға аккредитация енгізілуде, сырттай оқу қашықтан оқытуға ауыстырылады. Балалардың жүз пайызы мектепке дейінгі білім берумен қамтылады»,-деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы алдағы жылдан бастап үш тілді білім беру кезең-кезеңмен енгізілетінін атап өтті.

«2020 жылға қарай 12 жылдық оқытуға толықтай көшу қамтамасыз етіледі. Бұдан бұрын айтқанымдай, әрбір түлек өзінің бірінші жұмысшы мамандығын тегін игеруге мүмкіндік алады»,-деді Елбасы.

Хабарламаларға жазылу