Әлемге әйгілі «Армани» сәнді киімдер үлгісін дайындауда аңдардың терілерін пайдаланудан бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемге әйгілі «Армани» сәнді киімдер үлгісін дайындауда аңдардың терілерін пайдаланудан бас тартты

25.03.2016
Әлемге әйгілі «Армани» сәнді киімдер үлгісін дайындауда аңдардың терілерін пайдаланудан бас тартты

Әйгілі итальяндық модельер Джорджио Арманидің иелігіндегі «Армани» тобы аңдардың терілерін қолданудан бас тартты. Осы мәселеге байланысты таратылған мәліметтерге қарағанда, компания өкілдері 2016-2017 жылдардың күз/қыс маусымдарына арналған киімдерінің барлығы «fur free» белгісімен шығады. Бұл термин сәнді киімдер әлемінде өзі өндірген өнім құрамында аң терісінің жоқтығын білдіреді.  

«Соңғы жылдардағы орын алған технологиялық прогресс бізге табиғи теріге балама табудың мүмкіндігін туындатып отыр. Өз кезегінде бұл жағдай аңдарды себепті-себепсіз қырып-жоюдың алдын алуға шарттар қалыптастырады. «Армани» маркасы бүгін қоршаған орта мен жануарларды қорғау тұрғысынан алғанда, маңызды таңдау жасап отыр»,-делінген Джорджио Арманидың өзі қол қойылып таратылған баспасөз мәліметтерінде.  

Айта кетейік, «Армани» киім дайындау үшін аң терілерін пайдаланудан бас тартып отырған жалғыз компания емес. Әйгілі The Beatles тобының қатысушысының қызы, модельер Стелла Маккартни аң терісі мен жүнін пайдалануға түбегейлі қарсы адамдардың бірі.  Сонымен қатар, люкс класындағы Hugo Boss,  Tommy Hilfiger және Calvin Klein сынды киім үлгілері де «fur free» сертификатын алған, деп жазады tass.ru.

  

Хабарламаларға жазылу